Басты » Редакция таңдауы » ТҮНГІ КЛУБТА АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКПЕН 21 ЖАСТАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚОЛҒА ТҮСТІ

ТҮНГІ КЛУБТА АДАМ ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКПЕН 21 ЖАСТАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚОЛҒА ТҮСТІ

Тәртіп сақшылары Шымкенттегі түнгі клубтың жанында кісі өлтірген деген күдіктіні қолға түсірді. 21 жастағы Ильхам Алиевті өлтірді деген күдікпен ұсталған жігіттің жасы да 21-де. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктіден айғақтық зат ретінде «Лидер» тапаншасы тәркіленген. Осы қарудан екі рет оқ атқаны анықталып отыр. Сонымен қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы болған барлық күдіктілер ұсталды. Олардың саны – 6 адам. Ең үлкені – 29-да. Қалғандары 28, 25 жаста. Бұлар бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылуда. Бұдан өзге әлеуметтік желілерде осы іске қатысты жалған ақпарат таратып, халықты шулатқаны үшін айыпталуда.

     Еске салар болсақ, «Москва» түнгі клубы жанындағы қылмыс 19 шілде де орын алған болатын.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*