Басты » Редакция таңдауы » ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ҚАУІП АРТЫП БАРАДЫ

ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ҚАУІП АРТЫП БАРАДЫ

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы жарты жылда атқарған шаруаларымен бөлісті. Өткен жылғымен салыстырғанда, биыл жануарлар әлеміне келген шығын көлемі артқан. Мәселен былтырғы залал 700 мың теңгені құраса биыл бұл көрсеткіш 12 млн теңгеге бір ақ шыққан. Себебі, қызыл кітапқа енген жануарларды қорып, олардың қауіпсіздігін қадағалап жүретін мамандар аз. Екіншіден, көліктердің жарамсыздығы себеп болып отыр деп мәлім етті Бақытжан Қырықбай мырза. Жүргізілген рейдтік бақылау нәтижесінде 190 аңшылық және балық аулау жөнінде құқық бұзушылық оқиғалары анықталған. Оның жетеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Еліміздің қызыл кітабына енген 4 бас Қаратау арқары мен 1 бас қабанды заңсыз атқан Алматы қаласының тұрғынына тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*