Басты » Редакция таңдауы » САЙРАМ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ТІРЛІК КӨП

САЙРАМ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ТІРЛІК КӨП

Кезекті жұмыс сапарын Сайрам ауданында жалғастырған облыс әкімі Асқар Мырзахметов қазына қаражатын тиімді жұмсау мәселесін көтерді. Бүгінгі таңда ауданда 300 орындық жаңа мектептің құрылысы 1 млрд. теңгеге жуық қаржыға айналып отыр. Өңірдің басқа аудандарында типтік үлгіде салынған мұндай мектептің құны 560 млн. теңгеден аспайды деді Асқар Мырзахметов. Халық саны тұрақты артып отырған облысымызда жыл сайын 40 жаңа білім ошағын салу қажеттілігі туындауда. Сол себепті жаңа ғимарат салынатын аумақтың жер бедерін тиянақты зерттеп, оған кететін шығынды жанжақты есептеп, қаржының тимді жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
     Жиында ауданда ашылған жылыжайлар көлемінің тым аз болып отырғандығы айтылып, несібесін жерден алған шаруаларға оның тиімділігін жіті түсіндіруді жүктеді. Жөндеуден өткен каналдарды тиімді пайдалану мәселесі қозғалып, каналдардың меншік иелеріне оларды қалыпты жағдайда ұстап тұруын міндеттеуді тапсырды.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*