Басты » Редакция таңдауы » ҰШАҚ ҰШЫП-ҚОНАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

ҰШАҚ ҰШЫП-ҚОНАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Кешегі апта соңында Шардараға жасаған іс-сапары кезінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов әуежай алаңына ат басын арнайы бұрды. Ұзындығы 1625 метр, бетондалған ауданының көлемі 75000 шаршы метрді құрайтын аэропорт кешенінде көп жылдардан бері тыныштық орнаған-ды. Басқарма басшыларымен қаржы мәселесін ақылдасқан Асқар Исабекұлы әуежайды қайта қалпына келтіру жұмыстарын тез арада бастау үшін тапсырма берді. Дәлірек айтатын болсақ, бір ай көлемінде жұмысшы тобы құрылып, жөндеу жұмыстары басталмақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*