Басты » Редакция таңдауы » АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19

Назарбаев ОҚО әкімін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп Асқар Исабекұлы Мырзахметовты тағайындады — деп жазады Ақорданың твиттер-аккаунтына сілтеме жасап.

     Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Тағайындау партияның саяси кеңесі бюросының отырысы аясында жүзеге асқан.

    52 жастағы Асқар Мырзахметов 2009 жылдың наурызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметін атқарып келеді.

     Сол арада ҚазТАГ Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы ауысуы мүмкін деген ақпар таратты.

     Белгілі болғандай, аймақтың жаңа басшысын таныстыру үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке келеді.

     Бұдан өзге, сағат 16.00-де облыстық мәслихат отырысы өтеді. Онда депутаттар ОҚО-ның жаңа әкімін тағайындауға өз келісімдерін беретін болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*