Басты » Редакция таңдауы » ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ БОЛАШАҒЫНА АЛАҢДАҒАН ЖУРНАЛИСТЕР БАС ҚОСТЫ

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ БОЛАШАҒЫНА АЛАҢДАҒАН ЖУРНАЛИСТЕР БАС ҚОСТЫ

Журналистер қазақ баспасөзінің болашағына алаңдайды. Мерзімді басылымдардың күн санап тарылымы қысқарып, оқырманы азайып келеді. Бұл баспасөз құралдары беделінің төмендеуіне әкеп соғады дейді семинарға жиналғандар.

     Радиоға 50 миллион аудитория жинау үшін 38 жыл қажет болса, телевидение сол ауқымдағы аудиторияға жету үшін 13 жыл жұмыс істеген. Ал, интернет ол аудиторияға 4 жылдың ішінде жетеді екен. Facebook 50 миллион адамды 2-ақ жылда жинады деген ақпарат бар. Орта есеппен қазіргі таңда адамзаттың үштен бірі online-дамыз деп кесіп айта алады. 1995 жылы интернетті 45 миллион адам пайдаланса, 2015 жылы пайдаланушылардың саны 4 миллиардқа жақындайды деген болжам бар. Географиялық аймақтарға бөліп қараса, алдыңғы шептегі Европаның қамтылуы 65 пайыз төңірегінде, 100 пайыз қамтылған елдер бірен-саран. Түрлі есеп бойынша, Қазақстанның қамтылуы 30-35 пайыз аралығында. Қазіргі қарқынмен өсетін болса, алдағы 10 жылдың ішінде жер беті интернетпен толық қамтылмақшы.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*