Басты » Медицина » ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАЛАР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛИНИКАЛАР ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

Енді өңіріміздегі ірі жекеменшік медициналық клиникалар науқас адамдарды тегін қабылдайтын болады. Ол үшін мемлекеттен тапсырыс бойынша қомақты қаржы бөлінуі қажет. Осы мәселені талқылау үшін ҚР ұлттық кәсіпкерлік палатасының бас сарапшысы арнайы келіп, жекеменшік емхана, ауруханалардың бас дәрігерлерімен жиын өткізді. Айтуынша, жекеменшік клиникалар саны елімізде артып келеді, оның басым көпшілігі оңтүстікте бой көтерген. Статистиканы сөйлеткен сарапшы 2004 жылы жекелеген емханаларда бар болғаны 12 пайыз адам қаралса, бұл көрсеткіш 2013 жылы 20 пайызға өскен. Ал, биылғы есеп бойынша, 11355 дәрігер мен 15 мыңға жуық медбике жеке клиникаларда қызмет етеді екен. Жабдықталған құралсаймандары да заманауи талапқа сай келеді деп түсіндірді. Бұл ұсынысқа облыс әкімінің орынбасары мәселе бірден шешіле қоймайтынын айтып, ол үшін жекеменшік емхана басшыларының да келісімі қажет деді

Гүлзира БАЙДУЛЛАЕВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*