Басты » Редакция таңдауы » “ОРДАБАСЫ” ФУТБОЛ КЛУБЫНА ЖАҢА БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

“ОРДАБАСЫ” ФУТБОЛ КЛУБЫНА ЖАҢА БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Ордабасы» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды. Бүгінге дейін оңтүстік қазақстандық «Ордабасы» футбол клубына жетекшілік етіп келген Виктор Кумыковтың өз еркімен қызметтен босауына байланысты, оның орнына жаңа бас бапкер тағайындалды. ОҚО Спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев бұл қызметті 62 жастағы маман Бақтияр Байсейітов жалғастыратынын мәлімдеді. Бақтияр Байсейітов бұған бейін футболшы ретінде шымкенттік «Мелиоратор» және алматылық «Қайрат» футбол командаларының құрамында ойнаған. Сонымен қатар «Қайратта», Қазақстан құрамасында, «Ордабасы» және «Атырау» командаларына бас бапкер ретінде жетекшілік еткен.

Канат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*