Басты » Редакция таңдауы » АНАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫНДА ЖАТҚАН 8 АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕ ҰРЛАНДЫ

АНАСЫНЫҢ ҚҰШАҒЫНДА ЖАТҚАН 8 АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕ ҰРЛАНДЫ

Түнгі сағат 4-тер шамасында Шұғыла елдімекенінің тұрғындарынан 102 нөмеріне нәрестенің ұрланғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Шақыртумен жеткен полицейлер бірден анықтау жұмыстарына кірісті.

       Ұлын ұрлатып алған ананың сөзінше, ол нәрестені тамақтандырып болған соң, қасына алып жатып ұйықтап кетіпті. Көп уақыт өтпей қайта оянғанда құшағындағы ұлы орнында болмай шыққан. Күтпеген жағдайға тап болған отбасы бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. Ішкі істер қызметкерлерінің ширақтығының арқасында қолды болған нәресте табылды. Бесіктен белі шықпай жатып тағдырдың тәлкегіне ұшырай жаздаған бала ұрлық болған үйге жақын маңдағы құрылыс нысандарының бірінен шыққан. Үй иелерінің айтуынша нәрестені қолды қылған азамат терезе арқылы ішке енген. Және адам ұрлығына барған азамат оқиға орнынан із суытып үлгерген. Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*