Басты » Редакция таңдауы » ӘЙЕЛІН ҚЫЗҒАНҒАН АЗАМАТ БҮТІН БІР ОТБАСЫНЫ ҚЫРЫП САЛДЫ

ӘЙЕЛІН ҚЫЗҒАНҒАН АЗАМАТ БҮТІН БІР ОТБАСЫНЫ ҚЫРЫП САЛДЫ

Әйелін қызғанған азамат бүтін бір отбасыны қырып салды. Түркістан қаласының 30 жасар тұрғыны өзінің әйелін екі інісімен және 15 жасар қызын өлтірген. Дегеніне жеткен соң қаніпезер өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда оқиға салдарынан зардап шеккен күдіктінің өзі және 52 жастағы анасы мен 6 жасар баласы қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға 10 қазан күні орын алған. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде 9 мм «Стриммер» маркалы травматикалық тапанша, 3 дана гильза, 2 дана оқ, спорттық гантель және электрошокер тәркілеген.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы

– Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*