Басты » Білім » АЛҒАШ РЕТ АШЫҚ КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ АШЫҚ КОНКУРС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жаңалық! Алғаш рет ашық байқау ұйымдастырылды. Мектеп директорлығына үміткерлер бұрын соңды болмаған жүйемен білімдерін дәлелдеді. Көпшілік алдында кім жоғары балл жинайды сол жетістікке жетеді. Әділдікті жақтаған комиссия мүшелері, қойылған сұрақтың жауабына қарай өз бағаларын қойып отырды. Бұндай ерекшелікке бойлары үйренбеген үміткерлер, алғашында қалай болары екен деп қобалжыды. Нұржігіт Тұманбаев толығырақ.

     Дәл осындай ашық конкурс Шымкентте бұрын болған емес. Қала әкімі тамыз конференциясында жаңа жүйе жүзеге асады және комиссия төрағасы өзі болатынын мәлімдеген еді. Міне көзді ашып жұмғанша, ол уақытта келіп жетті. Яғни бір ерекшелік мектепке директоры боламын деген әрбір үміткер, комиссия мүшелері қойған сұраққа дұрыс жауап берсе ғана өз мақсатына жетеді.

     Әрине барлығы ашық әрі шынайы түрде өтіп жатса құптарлық іс. Әсіресе жемқорлықтың тамырына балта шыбалар еді дейді қолдау білдіргендер. Ол рас. Егер дәл осылай көптің алдында кез-келген сұраққа көсілмей жауап беріп, тиісті бағасына сай нәтижесі шықса ешкімде қапа болмасы анық.

     № 95 пен №71 мектепті басқаруға лайықпын деп таласқа түскен 6 үміткердің барлығы кемінде 20 жыл педагогика салысында тер төккен жандар. Надирхан Имамсидиков бірінші санаттағы тарих пәнінің мұғалімі. Комиссия мүшелері байқауға қатысушының білім деңгейін тексеру үшін конститутцияның тармақтары, еңбек кодексі, жемқорлықпен күрес мәселелерін қамтып өтті.

     Ал өзге үміткердің комиссия алдында қалай сарайғанын БАҚ өкілдеріне білу мүмкін болмады. Қала әкімі оларға жеңілдік жасап онсызда қобалжып отырған қатысушыларды түсірмеуді сұранды. Айтпақшы Ғабидулла Әбідрахымов тағы бір жүйенің енгізілетінін атап өтті. Алдағы уақытта қала мектептері жаңа ережемен жұмыс жасайтын болады. Яғни мұғалім әрбір баланың сабаққа келген келмегенін қағазға емес тікелей компьютерге белгілеп отырады. Сонда мектепке кеткен баланың сабақ үлгерімі мен қалай уақытын өткізгенін бірден білуге болады дейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*