ЖАЛҒАН ШАҚЫРТУ МА, ӘЛДЕ...
Басты » Редакция таңдауы » ЖАЛҒАН ШАҚЫРТУ МА, ӘЛДЕ…

ЖАЛҒАН ШАҚЫРТУ МА, ӘЛДЕ…

Бүгін (30 қазан) 102 нөміріне Мангелдин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жарылғыш заттың бары жөнінде хабарлама келіп түскен. Қоңырау түсісімен санаулы минуттарда айтылған жерге терроризмге қарсы қарулы күштер жұмылдырылды. Олардың ішінде полицейлер, құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен өртке қарсы қызметінің мамандары да бар. Қауіпті аймақ қоршауға алынған. Үйдегі тұрғындар толықтай қауіпсіз жерге көшірілді. Шұғыл шақыртуға генерал А.Оспанов бастаған ішкі істер органдарының аға қызметкерлері де келіп жетті. Қазіргі таңда жарылғыш затты анықтауға саперлар жұмыс жасауда. Әзірге оқиғаның немен аяқталары белгісіз.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*