Басты » Редакция таңдауы » ОҚИҒАСЫЗ БІР ЖЫЛ!

ОҚИҒАСЫЗ БІР ЖЫЛ!

Өңірдегі цемент шығаратын алпауыт компаниялардың бірі – «Шымкентцемент» АҚ қауіпсіздік техникасы саласында маңызды жетістіктерін атап өтті. Айта кету керек, ағымдағы жылы еңбек қауіпсіздігін сақтамаған мекемелерде 78 жұмысшы зардап шексе, 15 азамат оқиға орынында көз жұмған. Ал, жұмысшы өмірін басты байлық еткен аталмыш компанияда, жыл ішінде бұл бағытқа миллион АҚШ долларынан астам инвестиция құйылады.

     Компания жұмыскерлері мен мердігерлік ұйымдар жұмыскерлерінің оқиғасыз 1 жылы! Тап осылай ұрандатқан мекеме өзінің жүйелі жетістігін жоғары деңгейде атап өтті. Бұл жылы, зауытта 1400 адам жұмыс жасаған, қорытындылағанда олардың адам-сағат саны 3 миллионды құрап отыр. Осы кезең ішінде еңбек қауіпсіздігі бойынша 600 инспекция өткізіліп, 3000 астам түзету шаралары қабылданған.

     Бастар ЕСҚАРАЕВ, ОҚО Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы

     – Еңбек қауіпсіздігіне келгенде бұл мекемеде құптарлық істер өте көп. Өткен басшысы да, соңғы басшы Морэн мырзаның да бастап отырған игі істері өте жақсы. Себебі, бұл мекеме жұмыскердің денсаулығына көп жұмыстар атқарады. Жылына бір миллион доллар қаражат еңбек қауіпсіздігіне бөлінеді. Мұнің өзі біраз нәрсені аңғартып отырғандай.

     Өткен жылы бастау алған конкурсты «Шымкентцемент» АҚ мен Облыстық еңбек инспекциясы департаменті ұйымдастырып отыр. Еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы бойынша іріктелген «Ең жақсы тәжірибелер» «Досхан ЛТД» ЖШС және ПетроҚазақстанОйлПродакс» деп танылды. «Досхан» серіктестігі конкурсқа үш инвестициялық жоба ұсынған. Арасында бір жоба мақұлданып мәре сызығынан көрініп отыр.

     Мұрат БЕГІМБЕТОВ, «Досхан ЛТД» ЖШС-нің директоры

     – Қауіпсіздік-1орында! Жұмысқа келген адам жұмысын аяқтап, аман-есен отбасына бала-шағасына оралуы керек. Өз тарапымнан облыс басшысына, «Шымкентцементтің» басшысына үлкен алғысымды білдіремін. Біздің қауіпсіздікке қосқан кішкене үлесімізді бағалағанына!

      «Шымкентцемент»АҚ 3 жылдан бері мердігерлік ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштерін оқиғасыз күн есептегішіне қосып қойған. Бас директордың айтуынша, бұл жетістікке-компания және мердігерлік ұйым жұмыскерлерінің күш салуымен қол жеткізілген!

Габриель МОРЭН, «Шымкентцемент» АҚ Бас директоры

– Бүгін біз оқиғасыз 1 жылды кездейсоқ мерекелеп отырған жоқпыз. Бұл, жұмыскерлердің үздіксіз күш салуының нәтижесі мен басшылардың еңбек қауіпсізідігі мәселесіне деген бейімділігі. Жалпы конкурс мақсаты-жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және қауіпсіздік техникасы саласындағы жұмыстарды ұйымдастыруда ең жақсы тәжірибелерді насихаттау болатын!

     Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздар Болгарияда орналасқан «ДевняЦементте» 3 күндік тренингі өтуге сертификат алды. Осы салада ең мықты болып танылатын аталмыш зауытта жеңімпаздар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасатын болады. Ал, еңбек инспекциясы департаментінің басшысы «Шымкентцемент» ұйымдастырған бұл конкурстың аймақта аналогы жок деп бағасын берді.

Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*