Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТІК ОРДАБАСЫ БИЫЛҒЫ МАУСЫМДЫ IV ОРЫНМЕН ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОРДАБАСЫ БИЫЛҒЫ МАУСЫМДЫ IV ОРЫНМЕН ҚОРТЫНДЫЛАДЫ

Шымкенттік Ордабасы биылғы маусымды IV орынмен қортындылады. Жерлестеріміз соңғы турда «Қайрат» командасымен күш сынасты. Алматыда өткен ойынды біздің арнаның тілшілері де тамашап қайтты.

     Маңызды кездесуге алаң иелері кіл мықтыларын шығарды. Өйткені чемпиондықтың тағдыры осы мачта тікелей тәуелді болатын. Премьер лига тарихында қос команда 37 мәрте кездескен. Соның 17- сінде Қайрат жеңіске жетсе, Ордабасылықтар 9 кездесуді өз пайдасына шешкен. Ал 11 ойын тең нәтижемен аяқталған. Сондықтан қай жағынан алғанда да Қайраттың басымдығы күмәнсіз еді. Дегенмен ордабасы футболшылары да намысты қолдан бермеді. Қарсыластар белсенділік танытқанымен бірінші тайымда есеп ашылмады. Жанкүйерлердің қолдауы – футболшыларды одан әрі жігерлендіре түсті.

     Екінші тайымда Қайраттың бас бапкері алаңға Деспотовичті шығарды. Осы ойыншы алаң иелерінің жеңіске жетуіне себепші болды. Ол ойынның 64-ші минутында есеп ашса, 84-ші минутта есепті еселей түсті. Алаңда он ойыншымен қалған Шымкенттіктер нәтижені теңестіре алмады. Осылайша Қайрат өз алаңында Ордабасыдан 2: 0 есебімен басым түсті. Дегенмен бұл нәтиже де Алматық клубты чемпион қыла алмады. Өйткені Астана Ақтөбеден соңғы сәтте жеңісті жұлып алды.

     Владимир ВАЙС, «Қайрат» ФК-ның бас бапкері

     – Біз чемпиондықты Атыраумен болған матчта жоғалтып алғанмыз. Бірақ үміт отын сөндірмедік. Осы ойынға тыңғылықты дайындалдық. Бәрі ойдағыдай өтті. Футболда үнемі бақ пен бап қатар шаба бермейтіні анық.

Бахтияр БАЙСЕИТОВ, «Ордабасы» ФК-ның бас бапкері

     – Төреші Қожабековті алаңнан шығарып жіберді. Команданың әлсіздігі осыдан кейін байқалды. Қос голда сол шешімнен кейін жібердік. Ал жалпы ойын бойынша Қайратпен тең ойнадық

     Маусымның қортындысы бойынша, алтын медаль Астана футболшыларына бұйырса, күмісті Қайрат жеңіп алды. Ақтөбелік команда қола медальді қанағат тұтса, Шымкенттік Ордабасы маусымды 4-ші орынмен аяқтады. Жерлестеріміз жүлдеге іліне алмаса да, Европа лигасына қатысуға мүмкін алды.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*