Басты » Редакция таңдауы » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БІРНЕШЕ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БІРНЕШЕ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Төлеби ауданында Тұңғыш президент күніне орай бірнеше нысан ел игілігіне берілді. Аққум, Зертас елдімекендерінде 100 орындық балабақша көз қуанышына айналса, Тасарық, Қаратөбе ауылдарында қос бірдей мәдениет үйі есігін айқара ашты.

     Іргетасы 50 жыл бұрын қаланған «Жамбыл» мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджеттен 8,5 астам қаржы бөлініп, тозығы жеткен нысанға осылайша қайта түрленді. Аталған мекемеде қазіргі таңда қолөнер, әуенді топ, домбыра, жанұялық үйірмелер қарқынды жұмыс жасауда. Ауыл халқы балаларымыз бос кезінде мәдени үйірмелерге қатысатын болды деп қуанып отыр.

     Қаратөбе ауылындағы көптен көңіл бөлінбеген мәдени ошаққа да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол үшін аудандық қазынадан 30 млн жуық теңге қаржы қаралған. Салтанатты жиынға қатысқан аудан басшысы соңғы 5 жылда аймақта осындай 12 мәдени нысанға көңіл бөлінгенін жеткізді. Бұл атқарылған жұмыстар ауыл аймақтарда өнер майталмандарының шығуына үлкен үлесін қосады дейді қаратөбеліктер.

     Тұңғыш Президент күні Зертас ауылына да құтымен келді. Аудан әкімі аталған елдімекенде болып, 100 орынға арналған жеке меншік балабақшаның лентасын қиды. Соңғы үлгіде жасақталған бөбектер үйіне 60 млн теңге қаржы жұмсалған.

     Аққұм елдімекенінің 80 жуық бүлдіршіні «Ақжұлдыз» балабақшасына аяқ басқалы отыр. Жеке кәсіпкердің 40 млн, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 млн теңге қаржы бөлінген.

Жалпы Төлеби ауданы бойынша 70 астам балабақша жұмыс жасайды. Бұл көрсеткіш «Балапан» бағдарламасының 77 пайызының орындалғанын көрсетеді. Аудан басшысының сөзінше алдағы 5 жыл көлемінде балабақшаға деген сұраныс 100 пайызға орындалмақ.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*