Басты » Редакция таңдауы » ОТЫРАР АУДАНЫНДА “ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛУДА

ОТЫРАР АУДАНЫНДА “ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ-2020” БАҒДАРЛАМАСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ОРЫНДАЛУДА

Отырар ауданында жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға төмендеді. Бұл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында қол жеткізген жетістік. Осылай деген аудан әкімі Салыхан Сабырұлы киелі мекендегі әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Аймақтағы артығымен орындалып жатқан істер мен алға қойған мақсаттары туралы тілші әңгімелейді.

     Ауданда халықты жұмыспен қамтамассыз етудің кешенді жоспары соңғы бес жылда нәтижелі орындалуда. Осы уақыт аралығында 3809 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 5400 жан екі қолға бір күрек тапқан. Бұл жоспардың 141 пайызға жоғары орындалғанын көрсетеді. Ағымдағы жылдың 10 айының өзінде 1708 адам жұмыс орналасып, жоспар 138 пайызға артығымен орындалып отыр.

     Жалпы 54 мыңнан астам халқы бар Отырар ауданы негізінен ауылшаруашылығына бейім аймақ. Бағдарламаның екінші кәсіпкерлік бағыты да осы салаға негізделген. 2011-2015 жылдар аралығында кәсіпкерлік негізінде 127 адамды оқыту міндеттелсе, тиісті кезеңде 208 адам оқытылып, жоспар 163,8 пайызға жеткен. Аталған жұмыстарға 5 млрд. 797 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

     Ауданда жастар практикасы бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Аталған бағытта 32 жасты жұмысқа орналастыру керек болған болса, 26 мекемеге 41 азамат қызметке тұрған. Сондай-ақ, индустриалдық аймақта іске қосылған жүгері зауыты да жұмысыз адамдардың санын қысқартуға септігін тигізіп отыр. Аудан әкімі алдағы уақытта қамыстан тақтай шығаратын кәсіпорынды ашуды да жоспарлап қойғанын жеткізді.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*