Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Айтулы мереке қарсаңында дюздо күресінен қаланың ашық біріншілігі болып өтті. Жарысқа аймақтағы спорт мектептерінің намысын арқалаған 200-ге тарта балуан қатысты. Олар татамиде командалық сайыс бойынша бақтарын сынады. Жарыстың басты ерекшелігі де осы дейді ұйымдастырушылар.

Командалар жасына қарай екі топқа бөлінді. Алғашқысында 10-11, ал кейінгісінде 12-13 жасар балуандар бақ сынады. Татамиде барын салғандардың бірі Асылан Ильяс. №10 күрес түрлері мектебінің шәкірті Төлебилік қарсыласынан айласын асырып, командасына бір ұпай сыйлады.

Белдесулердің қортындысы бойынша, 10-11 жасар балуандар арасында №10 күрес түрлері мектебінің командасы топ жарса, 12-13 жасар спортышлар арасында Төлеби құрамасы жеңімпаз атанды. Жүлдегер атанған барлық командаға мақтау қағаздары мен кубоктар табыс етілді.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*