Басты » Редакция таңдауы » МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

11-009-640x366

     Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы тұрғын үй алуға өтінім қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

    «ҚИҚ АҚ» бағыты бойынша өтініштер 2015 жылдың 21-24 желтоқсан аралығында қабылданады. ҚИҚ арқылы берілетін пәтерлердің сипаттамасы:

1) 17 шағын ауданы, Ерімбетов көшесі, ТК «Галант Хаус» – 72 дана пәтер, 2 бөлмелі пәтрдің жалпы алаңы 71,6 – 71,8 шаршы метр

2) Қайтпас-2 шағын ауданы – 420 пәтер:

      1-бөлмелі – 70 дана, жалпы алаңы 35 шаршы метр;

     2-бөлмелі – 210 дана, жалпы алаңы 55 шаршы метр;

     3-бөлмелі – 140 дана, жалпы алаңы 75 шаршы метр.

     Пәтерлердің мату тетігі: Жалға беріп, сатып алу құқығымен. 1 шаршы метрдің бағасы шамамен 913 теңгені құрайды.

     Өтінішпен бірге келесі құжаттар тапсырылады:

     1) Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

     2) Неке қию (некені бұзу), жұбайыфның/зайыбының қайтыс болғандығы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;

     3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейінен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

     4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы.;

     5) өтініш берушінің және жұбайының жұмыс орнынан анықтама;

     6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;

     7) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама;

     8) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.

     Өтініштер мен құжаттар ТҮҚШ бөлімінің кеңсесі арқылы келесі мекен-жайы бойынша қабылдандады. Желтоқсан көшесі 18 үй 3-қабат 312 бөлме.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

16 пікірлер

  1. Неге алдын ала жарияланбаған. Бұл құжаттарды аз күнде жинау мүмкін емес қой. Ол неге ескерілменген?

  2. Бәрі тапсыруға болама?

  3. Кимдерге докумен откизуге болады.жауап кутемин

  4. Тіркеу тек қалада болу керек пе?

  5. Тіркеу тек қалада болу керек пе?только городской праписка?

  6. Гульмира

    Сатып алу 2-бөлме пәтер немесе жалғау беріп

  7. Гульмира

    Қай қалада алуға болады?

  8. Қарағанды каласында кабыдайма? Тек Алматы ғана ма қабылдап жатқан.

  9. Бауыржан

    Мемлекеттик жумыста истемесе жеке касиппен айналысса, бул багдарламага катысуга болама?

  10. Менің жумысымда пенсионный төленбейді мемлекеттік емес жай ғана шаштаразбын. Екі улым бар жолдасыммен заңды түрде айырылысып кеткенмін. Қандай бағдарламамен пәтер алуыма болады.?

  11. Астанада қандай адрес бойынша баруға болады?

  12. Менің праписка ауылда 3 балам келіншегім бар мемлекеттік мекемеде жұмыс істимін мен қатыса аламба

  13. Мен кезекте толық емес отбасы боп 4545ші деп тіркелгбо,КИК ашылды ма деп хабарласып тұрыңыз деп нөмір беріп еді,ол нөмірге хабарласпасам үйден құр қалам ба? Әлде мен тіркеуге қалдырған нөмірге өздері хабарласа ма?

  14. Мадина

    мен көп балалы анамын. жалғыз басты анамын. бір үйде он бала асыраа отырамын. Мемлекеттік қызметкермін. Баламның алды үйленген. Жұмыс жасамайды. Үкімет тарапынан баламды
    жұмысқа орналастырып. отбасымен тиімді бағдарламамен пəтермен қамтамасыз ететіндей жолы болса. Келінім оқыған . Баламның қолынан іс келеді . Ауылда тұрғандықтан жолын біле бермейтіндіктен үкəмет тарапынан жұмыс істеп өтей беретіндей көмек болса жастарға деп едім мүмкіндік болса жолын сілтеп жіберсеңіздер алла разы болсын.

  15. Мен 3-топтағы мүгедекпін, мемлекеттік қызыметкермін. Арыс қаласында тұрамын, тұрмыс құрмағанмын маған тұрғын үй алуға мүмкіндік барма екен.

  16. Сәлетесіздер ме? Жауап берссе екен білетін жан. Біз әкемізбен ажырасқанбыз, анам жалғызбасты жұмыссыз хальде. Тұрғылықты мекен жайымыз ОҚО Сарыағаш ауд. Онымен қоса Анам алтын алқа, күміс алқа иегері. Бірақ, отбасымызда қазір 18 жасқа толмаған перзенттердің саны 2 еу. Қалғандары бөлек отбасы болып тұрады. Қоятын сұрағым осы: Енді біз осы тұрғын үй бағдарламасына өтініш білдіре аламыз ба? Бұл өтінішіміз қабылданады ма?

    Жауап берсеңіздер, алдына ала рахмет !
    Мұрат Байдуллаев

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*