Басты » Редакция таңдауы » 200 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

200 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

12422473_1029907600394117_651805572_o

200 адам қар құрсауынан құтқарылды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында «Алматы-Термез» тас жолының 593 шақырымында бірнеше көлік қар астында қалып қойған. Жолаушылардың қиындыққа тап болғандығы жөніндегі хабар ОҚО ТЖ қызметіне 20-желтоқсан күндізгі сағат 10:30 шамасында келіп түскен. Көп уақыт өтпей оқиға орнына 33 маман, 10 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 8 автобус, 30 жеңіл автокөлік қар құрсауынан құтқарылды. Құтқарылған 200 жолаушының 50-і жасөспірім. Олар Түлкібас аудандық медициналық мекемесіне жеткізілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

12400317_1029907680394109_1736541971_o     Қазіргі таңда қолайсыз ауа-рауына байланысты Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел және Жарылқап асулары жабық. ОҚО ТЖД аталған бағытқа қарай жолға шықпауды ескертеді.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*