Басты » ТКШ » АУЫЛ ХАЛҚЫ ТАЗА АУЫЗ СУ ІШІП ОТЫР

АУЫЛ ХАЛҚЫ ТАЗА АУЫЗ СУ ІШІП ОТЫР

Түркістан қаласының Шаға ауылдық округіне қарасты «Қазақстанның 30 жылдығы» ауылының 7 мыңнан астам тұрғыны 24 сағат бойы таза ауыз су ішіп отыр. Осы уақытқа дейін ауыл халқы әр жерден қазылған бірнеше құдықтың суын пайдаланып келген. 2012 жылы елді мекеннің маңынан резервуар орнатылып, тереңдігі 500 мтерден су шығарылған. Тіршілік көзі тиісті зерттеулерден өткізіліп, ішуге жарамды екендігі дәлелденген соң ғана ауылға су құбыры тартылған. Ендігі кезекте, аталған округтегі тағы екі ауылға 2015 жылы ауыз су құбырын тартып, тұрғындарға су жеткізу жоспарланып отыр.

 Дәурен ДҮЙСЕБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*