Басты » Редакция таңдауы » ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРДІ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ КӨҢІЛІН КӨТЕРДІ

Жол полицейлері мереке қарсаңында көлік тізгіндеген жүргізушілерді ереже бұзғаны үшін емес, мерекемен құттықтау үшін тоқтатты. Оларға жаңажылдық сыйлық таратып жолда абай болуларын өтінді. Жаңа жыл қарсаңында ала таяқтың орнына сыйлық ұстап, жүргізушілерді тоқтатқанда олардың таңданысында шек болған жоқ. Тіпті кейбіреулері құжаттарын көрсетіп, жол ережесін бұзбағанын айтып ағынан жарылды. Бірақ, жол полицейлері оған түсіністікпен қарап, оларды сый-сияпатсыз жібермеді. Мерекелік тарту таралғыдан қоғамдық көлік жүргізушілеріде қалыс қалмады. Оларғада сыйлықтар үлестірілді. Мерекелік көңіл күйді көтерген жол полицейлері осылайша ұсақ-түйек бұзушылықтары үшін ескерту жасаса, ешқандай жол ережесін бұзбаған жүргізушілерді мапаттады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*