Басты » Редакция таңдауы » АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ҚОС БІРДЕЙ ЖҮРГІЗУШІ ӨЛІМ АУЗЫНДА ЖАТЫР

АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ҚОС БІРДЕЙ ЖҮРГІЗУШІ ӨЛІМ АУЗЫНДА ЖАТЫР

Жол апатына ұшыраған қос бірдей азамат өлім аузында жатыр. 25-қаңтар күні сағат 13:30 шамасында Шымкент-Ташкент тас жолында орын алған. Соққының қаттылығынан бір көлік отқа оранып, күлі көкке ұшты. Оқиғадан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ал, тәртіп сақшылары оқиғаның орын алу себептерін анықтауға кіріскен. Сәтсіздік орын алған жерде арнамыздың түсірілім тобы да болып қайтты.

     Оқиға Шымкент-Ташкент тас жолы бойында шамамен қаладан 15 шақырым жерде орын алған. Қазығұрт ауданына қарай бет алған Ниссан автокөлігі қарсы бетте келе жатқан Нексия темір тұлпарымен бетпе-бет соқтығысқан. Тәртіп сақшылары апат орнын қоршауға алып, сақтық шараларын қолға алды.

     Қақтығыстан өрт шығып, көліктің бірі толықтай жанып кетті. Оқиға орнына көп ұзамай келіп жеткен өртке қарсы қызметінің мамандары қызыл жалынды ауыздықтады. Ал, зардап шекендерге жедел жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*