Басты » Редакция таңдауы » “ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫНА ҚАУІП ТӨНДІ”

“ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫНА ҚАУІП ТӨНДІ”

Шымкент қаласында жоғары баллдық жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан ОҚО әкімдік ғимаратына қауіп төнді. Аяғынан тік тұрған құтқарушылар ғимараттағы қызметкерлер мен келушілерді қауіпсіз аймаққа көшірді. Абырой болғанда оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тап осындай сценари бойынша ТЖД «Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын дайындау» тақырыбы бойынша сейсможаттығу өткізді.

     Азаматтық қорғаныс бойынша оқу жаттығу жиынын өңір басшылары алдымен өздерінен бастады. Облыстағы ең алып ғимаратта өткен жиынға бас-аяғы 700-ге жуық жан қатысты. Іс-шара жер сілкінісі кезінде азаматтардың іс-қимылдарын пысықтауға арналды. Шынайы болсын деген ниетпен жедел сатылар да уақытша тоқтатылған.

     Облыстық әкімдікте сейсможаттығу жұмыстары алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Соңғы кездері аймақта жер сілкінісінің жиілеуіне мамандар бей-жай қарамақ емес. «Сақтансаң, сақтайды» деген басшылар мемлекет сақтық шараларына көптеп көңіл бөлініп жатқанын айтты.

     Айтпай келетін апатқа қарсы дайындық жұмыстарына басшылық тарап жақсы деген баға беріп оты. Кеткен кейбір кемшіліктер алдағы уақытта түзелмек.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*