Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПӘТЕРЛЕРДІҢ БІРІНЕН МӘЙІТ ТАБЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ПӘТЕРЛЕРДІҢ БІРІНЕН МӘЙІТ ТАБЫЛДЫ

 8 мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. 1-ақпан күні таңғы уақытта полицейлерге пәтерлердің бірінде мәйіт табылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

     Пәтер иесінің сөзінше қаза болған азаматша ұзақ уақыт телефон қоңырауына жауап қатпаған, болмаған үйге іздеп те келген. Түсініксіз жәйтқа алаңдаған ол есікті ашып кіруге бекінген. Нәтижесінде жуыну бөлмесінен өлген қыздың денесін тапқан. Қаза болған азаматша Қызылорда қаласынан келіп, пәтерді жалға алып тұрып келген.

     Алдын ала болжам бойынша 22 жастағы бойжеткен зорлықпен өлтірілмеген. Және оқиғаның болғанына бірнеше күн болған. Бұл туралы нақты жауап арнайы мамандардың зерттеу жұмыстарынан кейін белгілі болады. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізілуде.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*