Басты » Редакция таңдауы » ЖАҚЫН ТУЫСЫНА ҚОРЛЫҚ КӨРСЕТКЕН КӘСІПКЕРГЕ СОТ ҮКІМ ШЫҒАРДЫ

ЖАҚЫН ТУЫСЫНА ҚОРЛЫҚ КӨРСЕТКЕН КӘСІПКЕРГЕ СОТ ҮКІМ ШЫҒАРДЫ

Шымкентте ірі сауда желісі дүкендерінің қожайыны мен оның сыбайласына қатысты сот отырысы аяқталды. Жақын туысын ұрлап, қорлық көрсеткен қос айыпталушы Әл-Фараби аудандық сотының шешімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылар жазасын жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. 8 айға созылған тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толық мойындаған. Сол үшін олар ҚР Қылмыстық Кодекстің 4 бабы бойынша айыпталыпты. Алайда, тараптар өзара мәмілеге келісімен, бірден екі бап қысқартылып кеткен. Дегенмен, адамды заңсыз ұрлау және ашық тонау бабы бойынша жазадан құтыла алмады.

Шара БЕЙСЕМБАЕВА, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы

– Үй қамақта отырған 10 күнін шығарып тастағанда Нурмановқа жазасын өтеуге 6 жыл 11 ай 20 күн болды, ал, Мадиев ондай отырған күндері жоқ, сол себептен оны сол 7 жыл сол күйінде қалдырдық

     Естеріңізге сала кетейін, қылмыстық оқиға өткен жылдың мамыр айында болған. Белгілі кәсіпкер сыбайласымен бірге қол астында жұмыс істейтін туысын үйінен ұрлап әкетіп, зорлық-зомбылық әрекеттерге барған. Әбден ұрып-соғып, саяжайда күштеп ұстаған. Қожайынның тепкісіне түскен жәбірленуші тек, бес күн өткенде ғана ебін тауып қамаулы үйден қашып шыққан. Сөйтіп, бірден тәртіп сақшылары көрген-білгенін баяндаған.

Сандуғаш ТОҚҚЫБЕКОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*