Басты » Спорт » ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

8 қысқы спорт түрлері мектебінде 700-жуық шәкірт спорттың 5 түрімен шұғылданады. Олар әмбебап жекпе-жек, фристайл, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей.

     Мектеп ұжымы спортшыларды рухтандыру мақсатында жаңа маусымның ашылуын салтанатты түрде атап өтті. Аталған мектеп 2010 жылдың қыркүйек айында ашылған болатын. Осы кезге дейін мектеп шәкірттері талай жарыстарға қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізген. Мектеп шәкірттерін биылғы маусымда көптеген жарыстар күтіп тұр. Жарыстар тізбегін мәнерлеп сырғанаудан өтетін ел біріншілігі бастап береді. Бәсекелер Шымкент қаласында қарашаның 1 мен 6-сы аралығанда өткізіледі. Спортшыларымыз өз қаласында намысты қолдан бермей, үздік нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*