Басты » Мәдениет » «КИНОАРТ-2016» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

«КИНОАРТ-2016» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

AA682101.MXF_snapshot_00.01_[2016.02.25_10.20.28]

«КиноАРТ-2016» жобасының жеңімпазы анықталды. 13 қатысушы жолдама алған кинофестиваль осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Әуесқой режиссерлар бақ сынасқан шарада түрлі жанрдағы туындалар көрермен назарына ұсынылды. Өнердің бірнеше саласын қамтитын аталған жоба биыл ерекшеліктерге толы болды. 

     Фестивальге жалпы 75 үміткер қатысуға ниет білдірген. Алайда, 13 режиссер ғана сыннан сүрінбей өтіп сайысқа жолдама алған. Ұйымдастырушылар іріктеу кезінде сценарилердің сапасы мен айтар ойына ерекше назар аударған.

AA684901.MXF_snapshot_00.00_[2016.02.25_10.20.46]

AA681601.MXF_snapshot_00.01_[2016.02.25_10.40.04]

     Ұйымдастырушылардың жыл сайын өткізілетін шарада ілгерілеушіліктің барын айтады. Әуесқой киногерлердің таланттын ашып, үлкен сахнаға шығуына мүмкіндік жасауды мақсат тұтқан фестивальдің діттегені де осы. Қысметражды туындылар ата-ана мен бала арасындағы махаббат, достық, тағдыр тәлкегі, ғашықтар арасындағы сезімді драма, комедия, артхаус жанрларында түсіріліпті.

AA689901.MXF_snapshot_02.03_[2016.02.25_10.18.58]

AA689201.MXF_snapshot_00.02_[2016.02.25_10.19.50]

     Фестивальде кино, театр салаларында еңбек етіп, қазақ киносының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтар қазылық етті. Олар мұндай шаралар қазақ киноматаграфиясына серпін береді деп сенеді. Оған дәлел жыл сайын ерекшеліктерімен таң қалдырып жатқандығы екен. Биылғы жылдың жетістігі режиссерлар өз туындыларын компьютерлік графиканың көмегімен әспеттей алғаны болып отыр. 3 сағаттан астам уақытқа созылған жоба да топ жарып, бас жүлдені жеңіп алған туынды Айдос Ералыұылының «Құшақтап алмаппыз» фильмі болды. «Режисурра және актерлік өнер» факультетінің студенті фильмді түсіруге аптаға жуық уақыт өткенін айтады.

     Кинофестиваль алдағы уақытта облыстық, және республикалық деңгейде өткізілу жоспарлануда.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*