Басты » Білім » ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЙТЫН ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЙТЫН ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

12768099_10156534927710263_1262620416_o (1)

Бүгін Шымкентте Қазақстанға танымал UStudy.kz онлайн тестілеу орталығының алғашқы бөлімшесі ашылды. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
     -Жасөскіннің білім деңгейін көтеріп, өзін үздіксіз шыңдай түсуі үшін осындай тестілеу орталықтары көптеп ашылуы керек. Біз қаламыздағы мектеп оқушыларының білім сапасын республикада алдыңғы орынға шығаруымыз үшін осындай орталықтар қажет, — деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.
     5-ші және 11-ші сынып аралығындағы оқу бағдарламасы бойынша 11 пәннен 2 тілде 9000-нан астам тест сұрақтары жинақталған. Сонымен қатар, 2 тілде негізгі және қиын тақырыптар мен пәндер бойынша 300-ден астам оқу курстары бар. Тесттер мен оқу курстарын еліміздің жетекші ұстаздары құрастырған.
     Аталған орталық мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындалуға жəне сəтті тапсыруға көмектеседі. Оқушылар мұнда сынақ тапсырып, өзінің қателіктерін көріп, видео сабақтар оқуына болады. Тіпті жазғы мектептерге қатысып, тестілеуден ең жоғарғы балл жинауына мүмкіндік бар.
     UStudy.kz — Ұлттық Тестілеу Орталығының ресми серіктесі. Толығырақ мағлұмат үшін осы сайтқа кірулеріңізге болады!

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*