Басты » Қоғам » АУДАРЫЛЫП КЕТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК АСТЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН АЗАМАТША АМАН ҚАЛДЫ

АУДАРЫЛЫП КЕТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК АСТЫНДА ҚАЛЫП ҚОЙҒАН АЗАМАТША АМАН ҚАЛДЫ

Шымкентте жексенбі күні орын алған жол көлік апатынан жараланған нәзік жанды қазір ауруханада. Ал осы оқиға салдарынан тағы бір адам көз жұмды.

     Қала көшелерінде бір-бірімен жарысып адам өмірін бәйгеге тігетін қоғамдық көліктердің бұл жолғы қақтығысы адам өлімімен аяқталды. Қаладағы «Жоғарғы Отырар» аялдамасында таңғы сағат 8:00 шамасында бір-бірімен жарыса жүйіткіген автобустар соқтығысып, нәтижесінде 28 жасар азаматша көз жұмды. Ал, бірнеше адам дене жарақаттарын алған.

     Қарылғаш Құлтаева сол күні әдеттегідей аялдамада автобус күтіп тұрған. Осы кезде № 19 бағытта қатынайтын қоғамдық көлік қатты жылдамдықпен келіп алдында тұрған өзге көліктермен соқтығысқан. Соқының қатты болғаны соншалық №84 бағыттағы автобус бір бүйіріне аударылып аялдамада тұрған екі жолаушыны басып қалған. Жедел ауруханаға жеткізілген Қарылғаштың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Дегенмен, дәрігерлер оған тез арада ота жасау керектігін айтады. Қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алған жағдай тек бұл емес. Сондықтан да болар қала тұрғындары қоғамдық көліктердің қауіпсіз екеніне сенбейді.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*