Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ БОКС БАПКЕРІНІҢ КӨЛІГІ ОТҚА ОРАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БОКС БАПКЕРІНІҢ КӨЛІГІ ОТҚА ОРАНДЫ

IMG-20160310-WA0008-300x225Оқиға 10-наурыз күні таңғы сағат 10:00 шамасында орын алған. Қажымұқан атындағы орталық стадионының автотұрағындағы «BMW» Х5 күтпеген жерден түтін шыға бастаған. Куәгерлердің сөзінше, көлік санаулы секундта қызыл жалынға оранған. Алдын ала болжамдар бойынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.

IMG-20160310-WA0007-1-300x225

Көлік иесі теміртұлпар газбен жүретінін, онда ахау болғанын айтады. Және қызыл жалынды ауыздықтау үшін қос бірдей өрт сөндіргіш пайдаланған. Алайда, оның көмегі тимепті.

Шығынға ұшыраған көлік иесі болған оқиға жайлы басқа ештеңе айта алмады. Өртті кездейсоқ көріп қалғандар көлік иесіне және өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы келген, бұл кезде көлік толықтай жанып кеткен болатын.

IMG-20160310-WA0009-300x225

Жанған көлікке жақын жерде «ВАЗ» 14 маркалы темір тұлпары тұрған. Жалынның лебінен оның есіктері аздап зақым келгенін айтады куәгерлер. Келтірілген шығын мен өрттің шығу себептерімен мамандар айналысуда.

ТВК телеарнасы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*