Басты » Үшінші қала » ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық мешіті 2013 жылдың мамыр айында құрлысы аяқталып, ел игілігіне берілген. Бұл әзірге Шахардағы ең үлкен мешіт болып саналады. Сәні мен сәулеті жарасқан құлшылық үйі бүгінде халықтың көп шоғырланатын мекеніне айналды.

     Мешіт Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа Бин Зайд Әл Нахайынның қолдауымен тұрғызылған. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы саналатын ғибадат үйінің құрлысына 1 млрд 622 млн теңге жұмсалған. Мешіттің жалпы ауданы 2,6 гектарды құрайды. Оның 8516 шаршы метріне мешіт ғимараты орналасқан. Соңғы үлгімен бой көтерген мешіттің алып мұнарасы мен төрт күмбезі көздің жауын алады. Барлығы аса мұқияттылықпен жасалған. Құлшылық етуге келген жамағатқа жағдай жасау мақсатында мешіт  аумағында  автотұрақ та қарастырылған. Онда келушілердің 1000-ға тарта көлігі емін-еркін кіріп-шыға алады. Ал мешіт ауласындағы жасыл-желек Алла үйінің көркіне көрік қосып тұр.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*