Басты » Редакция таңдауы » ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕМЕК БОЛҒАН КАНДИДАТҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕМЕК БОЛҒАН КАНДИДАТҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

     Қазақстанда тағы бір үлкен саяси науқан мәресіне жетті! Яғни Қазақстан халқы ел үшін маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасады. Бұл ретте ОҚО бойынша 1 млн 327 мың 252 сайлаушының 85,6 пайызы белсенділік танытқан. Көш бастап тұрған Бәйдібек ауданының тұрғындары. Онда 94, 42 пайыз халық жаппай дауыс берсе, киелі Қазығұрт ауданының 93,37 пайызы саяси науқанда белсенділік танытқан. Айта кетейік, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсынған үміткерлердің саны 812 құрап отыр. Оның ішінде облыстық мәслихатқа-127, қалалыққа-197 ,аудандық мәслихатқа үміткерлер-488. Саяси партияларға келер болсақ, 309 кандидат-Нұр Отан партиясынан, Ақжолдан-5, Ауылдан-12 үміткер,партия тізімінде жоқ үміткерлердің саны 126 құрап отыр. Ал, облыстық орталық сайлау учаскесінің төрағасы Әлібек Өмірәлиев сайлау барысы ойдағыдай өткенін айтады. Ал, қаладағы сайлау учаскелерінің бірінде өзін өртемек болған кандидат туралы ақпарды, төраға жоққа шығармады. Бүгінгі таңда аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды деген, Өмірәлиев алдағы уақытта сайлауға қатысты толық мәліметтер арнайы баспасөз мәслихатында жарияланады деді!

Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*