Басты » Редакция таңдауы » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 5 ЖАСАР БАЛА ҰРЛАНДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 5 ЖАСАР БАЛА ҰРЛАНДЫ

ОҚО-да полицейлерге жоғалған 5 жастағы баласын жедел тапқаны үшін ата-анасы алғыс айтты.

Сонымен, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні, сағат 18.15-тер шамасында Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне учаскелік инспектордан хабарлама келіп түседі. Онда, Састөбе аулында 2011 жылы туылған баланың үйінен шығып кетіп қайта ораламағанын мәлімдейді.

Оқиға орнына жедел жеткен Түлкібас АІІБ-нің жедел-тергеу тобы анықтағандай, сағат 17.30-да 5 жастағы балақай ойын қуып үйінен шығып, қайта оралмаған.

Полицейлер баланы көрген азаматтардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген кезде жоғалған балақайды балмұздақ және тәттілер алып беремін деп белгісіз әйел өзімен бірге алып кеткенін анықталған.

Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары барлық полиция бекеттеріне баланың жоғалғаны жайлы бағытнама жолдады.

Жедел іздестіру іс-шараларын жалғастырған Түлкібас АІІБ-нің жедел-тергеу тобы санаулы сағаттардан соң «ізін суытпай» жоғалған баланы көрші ауылдағы күдіктінің үйінен тапты. Күдікті 1986 жылы туылған Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Полицейлер баланың дені сау, ешбір зақым келмеген күйде ата-анасына табыстады.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу себептері мен жолдарын анықтауда. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жоғалған 5 жастағы баланың ата-анасы Түлкібас АІІБ-нің қызметкерлеріне жедел іздстіру шаралары мен кәсіби шеберліктері үшін өз алғыстарын айтты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*