Басты » Редакция таңдауы » ЖУРНАЛИСТТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

ЖУРНАЛИСТТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРГЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Журналисттер мен блогерлер арасында байқау жарияланды. 1-сәуір мен 30-тамыз аралығында Шымкент қаласының имиджін көтеретін мақалалар мен бейнефильмдер үшін қаламы қарымды жандар қомақты қаржы иелене алады. Тек дайындалған материал «Неліктен Шымкент қаласына бару керек?» деген тақырып аясында болуы керек. 4 номинация бойынша өтетін байқауға еліміздің барлық журналисттері мен блогерлеріне қатысуға мүмкіндік бар. Жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған. Шараға қолдау білдіріп отырған қалалық ішкі саясат бөлімі.

Байқау қорытындысы қыркүйек айында Қала күні қарсаңында жарияланады. Үздік жұмыстарды анықтауда Журналисттер одағы ОҚО филиалының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қазылық етеді. Әр номинация бойынша І ІІ ІІІ орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар тапсырылады. Жалпы жүлде қоры 1 млн. 300 мың теңге.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*