Басты » Редакция таңдауы » 11 ЖАСАР БАТЫР БАЛАНЫҢ ЕРЛІГІ ЕСКЕРІЛДІ

11 ЖАСАР БАТЫР БАЛАНЫҢ ЕРЛІГІ ЕСКЕРІЛДІ

     Қазығұрт ауданында төртінші сыныптың оқушысы үш жасар қыздың өмірін сақтап қалды. Оқиға 30 наурыз күні Қосағаш ауылында орын алған. Ойын баласы Ақбілек абайсызда Қаржан өзеніне тайып түседі. Ағысы қатты өзен балғынды лезде ағызып әкеткен. Абырой болғанда бұл жағдайды жағалауда мал қайырып жүрген Мұхамедәли байқап қалыпты. Еш ойланбастан 11 жасар бала бірден өзенге түсіп бүлдіршінді құтқарып қалды. Жеткіншектің ерлікке барып адам өмірін құтқарып қалған ісі төтеншеліктерді бей-жай қалдырмады. Мектебіне арнайы барып, Мұхамеләлиге құрмет граматасы мен естелік сыйлық табыс етті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*