Басты » Редакция таңдауы » 4 ОЙЫНХАНАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

4 ОЙЫНХАНАҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

     Жыл басынан бері Шымкент қаласындағы бір ғана Әл-Фараби ауданының өзінде 260 астам түн қыдырған жасөспірім анықталған. Олардың ата-аналарына заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынған. Сонда да болса, 18 жасқа толмаған балалардың түнгі 11-ден кейін көше кезуі азаймай отыр. Бұл дегеніміз жастар арасындағы қылмыстың өршуіне бірден-бір себеп дейді мамандар. Осы сынды заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен ішкі істер қызметкерлері колледж студенттерімен кездесу өткізді.

     Жастарға қатысты соңғы 3 айда орын алған олқылықтар көрсеткіші көңіл көңшітпей отыр. Мәселен, жыл басынан бері 64 жасөспірім тәртібі қиын бала ретінде тізімге алынған. Жайсыз отбасыдан 30 астам бала тіркелсе, сабақ кезінде көше кезген оқушылардың саны 40 жеткен. Бұл полицейлердің назарына іліккен бір ғана ауданның статистикасы. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда артпаса кемімей отыр дейді тәртіп сақшылары.

     Мамандар жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда ата-аналарға айыппұл салумен ғана шектелмейтінін айтады. Сондай-ақ, түнгі мезгілде 18 жасқа толмаған балалардың көше кезуіне себепші болған ойынханаларды анықтаған. Атап айтқанда тиісті талапты сақтамаған заңға сәйкес қаладағы 4 ойынхананың қалтасы қағылған.

     Қорыта айтқанда «Жастар құқық бұзушылыққа қарсы» атты семинарда мамандар қылмыскер жазасыз қалмайтынын ескертті. Сондай-ақ, жастарды теріс әрекеттен аулақ болып, бос уақытты тиімді өткізуге шақырды.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*