Басты » Редакция таңдауы » ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ БИЛЬЯРДТАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

     Ішкі істер органдарының ардагерлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап бильярдтан турнир ұйымдастырды. Спорттық шараға облыстағы ішкі істер саласында көп жылдар қажырлы еңбек еткен 60 — тан астам ардагер қатысты. Олардың ең жасы 50-де болса, ең қарты 70 жасты құрады. Аталған турнир елімізде тұңғыш болып оңтүстікте ұйымдастырылып отыр.

     Бүгінде Оңтүсіткте ішкі істер органдары қызметінің 5000-ге жуық ардагері бар. Олар ұйымшылдық пен бірлікті басты назарда ұстайды. Ал осындай шаралар ардагерлер арасында достық қарым-қатынасты одан әрі нығайта түседі.

     Әріптестерімен қауышқан ардагер полицейлер тек бильярд ойнап қана коймай, қызмет бабындағы есте қалар сәттерімен бөлісті.

     Жеңімпаз атанған ардагерлер Облыстық ішкі істер қызметінің қоры тағайындаған қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Келесі жылы аталған турнирді Республикалық деңгейдегі өткізу көзделіп отыр.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*