Басты » Редакция таңдауы » ШЫМШАХАРДА САНАУЛЫ СЕКУНДТАРДА КӨЛІКТЕР ТОНАЛЫП ЖАТЫР

ШЫМШАХАРДА САНАУЛЫ СЕКУНДТАРДА КӨЛІКТЕР ТОНАЛЫП ЖАТЫР

Көлігіңізді қараусыз қалдырмаңыз. Өйткені әккі ұрылар заманауи құралдардың көмегімен оны санаулы секундтарда ашып, ішіндегі бағалы заттарды қолды етуі мүмкін. Бағалы заттарды былай қойғанда сіз темір тұлпарыңыздан көз жазып қалуыңыз да ғажап емес.

     Ғаламторды ашып қарасаңыз көлікті санаулы уақыт ішінде қалай қолды етуге болатыны жөніндегі бейнероликтерді тез табасыз. Арзан және шетелдік қымбат көліктердің кез келген түрін заманауи жабдықтардың көмегімен қалай ашуға болатыны ол жерде анық көрсетілген. Мәселен мына кейіпкеріміздің көлігінен жақында белгісіз біреулер бағалы заттарын қолды еткен. Бір қызығы көліктің еш жеріне зақым келмеген.

     Евгений СЕРГИЕНКО,
     қала тұрғыны:
     – Таңғы уақытта үйден шығып дүкенге барғанмын. Көлігімді жол жиегіне қойдым. Көлігім шамамен 10-15 минут қараусыз қалды. Қайта келгенімде мені таң қалдырғаны көлігім оталып тұр. Дабылқаққыш арқылы оны өшіріп, есікті ашпақ болдым. Бірақ көлігім керісінше құлыпталып қалды. Жүксалғышта бағалы заттарым болған. Өкінішке олар қолды болды. Арнайы мамандарға барғанымда олар көлігімді «код граббер» арқылы ашқанын айтты.

     Осыған ұқсас оқиға. Шымкент қаласының тұрғыны көлік ұрыларының қолна түсе жаздады.Оқиға қала орталығында күндізгі уақытта орын алған. Белгісіз біреулер жапондық тайота 35 маркалы автокөлікті ұрлап кетпек болған. Бірақ көлік иесі тез арада тәртіп сақшыларына хабарласқан. Өкіншіке орай күдіктілер оқиға орнынан із суытқан.

     Ал, мамандар болса қауіпсіздік үшін ел арасында «пейджер» атылып кеткен дабыл қаққыштарды қолдануға кеңес береді.

     Батыр НАРМЕТОВ,
     «Аспект» ТЖО-ның меңгерушісі:
  – Біз орнататын дабылқаққыштардың 7 түрлі қорғанысы бар. Атап айтар болсақ соққы құрылғысы, есікті ашу құрылғысы, қашықтан көлікті отылдыру және осы тектес бірнеше функциялар. Дегенмен көлікке орнатылатын дабылқаққыштардың ішінен екі тарапты байланысы барын пайдалану қажет. Өйткені ол 1 км ара қашытықта өз иесіне белгі береді. Тіпті сіз көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатында болсаңызда.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*