Басты » Редакция таңдауы » ЖҰРТТЫҢ ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМЫ КӨП

ЖҰРТТЫҢ ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМЫ КӨП

     Учаскені заңсыз иемденуге қатысты жаза, азаматтың бас бостандығынан айыруға дейін апарады. Былтыр жер мәселесіне қатысты 1300 арыз тіркелген. Бұл прокуратураға түскен шағымның 17 пайызын құрайды. Ал, биыл осы салада өз ісіне салғырттық танытқан 11 қызметкер жауапкершілікке тартылып үлгерген. Жерге қатысты кедергілерге тап болған халық, прокуратура органдарын жағалайтыны жиілеген. Май шаммен қаралған мәселеде, біраз былықтың беті ашылған. Осы жылдың алғашқы тоқсанында 6 рет жүргізілген тексерудің нәтижесінде 177 заң бұзушылық анықталып, оның 170-і дер кезінде жойылған. Прокурорлық актілердің қаралау нәтижесімен қазынаға 21,6 млн теңге қаржы өндірілген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 136 бабымен мемлекеттік жер учаскілерін заңсыз иеленіп алу бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жеке тұлғаларға 75, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 150, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 700 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл салынады. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының аумағында жалпы 39 гектарды құрайтын 452 жер учаскілерін өз бетінше иелену деректері анықталған. Бұндай жағдай, Құрсай, Сайрам, Тассай, Бадам, Қарабастау, Жалын және Азат тұрғын үй алабтарында орын алған. Олқылықтарды болдырмау мақсатында, жерді пайдаланушылардың жауапкершілігін қарастыру жөнінде жұмыс тобы құрылған. Мыңдаған үйлер бүгінде салынып жатыр. Жұмысшы топ сол азаматтардың мәселесін қарайтын болады. Осы брифингті пайдалана отырып халыққа жеткізуге тырысамыз. Яғни қандай жұмыстардың атқаралып жатқанын білдірту үшін. Жауапкершілік белгіленген соны жеткізгіміз келіп отыр. Өйткені қалыптасып қалған көз қараспен іс қимылды тоқтату керек. Қорыта айтқанда заңсыздыққа жол берілген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің күтіп тұрғаны анық. БАҚ өкілдерімен өткен брифингті пайдалана отырып сала басшылары, әр азамат мұны жіті түсіну керек деп сөздерін түйіндеді.

Нұржігіт ТҰМАНБАЕВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*