ҚАРУҒА ҚОҢЫРАУ ҚОЙЫЛАТЫН БОЛДЫ
Басты » Редакция таңдауы » ҚАРУҒА ҚОҢЫРАУ ҚОЙЫЛАТЫН БОЛДЫ

ҚАРУҒА ҚОҢЫРАУ ҚОЙЫЛАТЫН БОЛДЫ

Соңғы жылдары пәтер ұрлығы бойынша тіркелген деректердің көрсеткіші артуда. Азаматтардан қарулар ұрланып, заңсыз айналымға түсу арқылы бүгінде қылмыс жиі орын алуда. Сондықтан, Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қару-жарақ сақталатын орынға дабыл қағу жүйесін орнату бойынша мекен-жайларда рейдтік іс-шара жүргізді.

     Николай Великий 10 жылдан бері аңшылық және балық аулау кәсібімен айналысып, бүгінде бұл істің хас шебері болған. Мемлекет тарапынан шығарылған бұл заң біз үшін тек жағымды жаңалық. Дабыл қаққыш жүйесін орнату қажет дегенді естігенде көп ұзатпай қажетті құралды сатып алып, бірден орнаттым – дейді аңшы.

     Великий НИКОЛАЙ,
     аңшы:
     – Кейбір кезде үйден шығып кетем, рыбалкаға барамын, мылтық үйде қалады. Сейф тұр, бірақ сигнализация жоқ еді баяғыда. Қазір осындай заң жақсы болды, сол сигнализация келді. Блогадаря сигнализаций мен басқа жерге барып, келіп жүрем, бәрі орнында тұр.

     Заңға сәйкес оқ ату қаруы бар азаматтар оны сақтайтын орынға дабыл қаққыш жүйесін міндетті түрде орнатуы қажет. Мәселен, Абай ауданы бойынша 1800-ден астам қару иелері бар болса, тәртіп сақшылары оларға ескерту шараларын жүргізуді жоспарлайды. Осыған орай, мекен-жайлар бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген полицейлер іс-шараны Қайнар-бұлақ елді-мекенінен бастады. Мұндағы тұрғындардың 80 пайызы аталған міндеттемені орындап үлгергеніне көз жеткізді.

     Данияр КҰЛЖАНЫСОВ,
     Қайнар-бұлақ поселкелік полиция бөлімшесінің басшысы:
     – Егер де қарудың егесі сейфіне дабылқаққыш орнатпаған жағдайда 1-ші желтоқсаннан кейін 1 айлық есептік көрсеткіштен 5 айлық көрсеткішке дейін әкімшілік жауапукершілікке тартылатын болады.

     Азаматтық және қызметтік қару айналымын қатаңдату мақсатында жүргізілген бұл игі шара түрлі қылмыстардың алдын алары белгілі. Сондықтанда мамандар күзет дабылын орнатпаған азаматтардың әлі де мүмкіндігі бар екенін ескертеді.

Гүлбану АЙДҮЙСЕНОВА

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*