Басты » Редакция таңдауы » ЕЛІМІЗДІҢ ЖАС ТЕННИСШІЛЕРІ ОҢТҮСТІККЕ ЖИНАЛДЫ

ЕЛІМІЗДІҢ ЖАС ТЕННИСШІЛЕРІ ОҢТҮСТІККЕ ЖИНАЛДЫ

     Шымкентте теннистен 10 жасқа дейінгі мастерс турнирі бастау алды. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан сайдың тасындай іріктелген 44 жасөсіпірім қатысуда. Оның 18 ұлдар болса, 26 кыздар. Олар жекелей және аралас сайыс түрлері бойынша ел үздіктерін анықтайды. Аталған турнирдің бірқатар ерекшеліктері де бар.

     Жарыста Шымкенттің намысын 18 теннисші қорғауда. Солардың бірі Әдемі Амангелді. 9 жасар бұрымдының тенниспен айналысқанына небәрі екі ақ жол болыпты. Мария Шарапованы үлгі тұтатын жасөспірім келешекте сол секілді танымал спорты болуды армандайды.

     Мастерс 10 жасқа дейінгі турнирі жыл басынан бері 3-ші рет өткізіліп отыр. Жыл соңына дейін тағы екеуін өткізу жоспарда бар. Оның бірі Алматыда өтсе, соңғы турнир Елордада жалауын көтереді.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*