ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ДОМАЛАҚ ҚЫЗЫ ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ
Басты » Редакция таңдауы » ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ДОМАЛАҚ ҚЫЗЫ ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ДОМАЛАҚ ҚЫЗЫ ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Жерлесіміз Жазира Жаппарқұл ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында күміс медальды жеңіп алды. Жеңімпазды бүгін темір жол вокзалынан жерлестері мен жанкүйерлері күтіп алып, сый құрмет көрсетті.

     Арыс ауданының тумасы Жазира Жапарқұл ауыр атлетика спортымен 10 жастан бастап шұғылданып келеді. Білекті қыз осы уақыт аралығында елде үздік атанып, тіпті халықаралық жарыстарда да топ жарған. Мәселен, ол 2009 жылы Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы олимпиада чемпионы атанса, араға үш жыл салып жастар арасындағы әлем біріншілігін жеңіп алған. Енді, міне ересектер арасында әлемнің күміс жүлдегері атанып отыр. Жерлесіміз Жазира Жаппарқұл ауыр атлетикадан әлемдік сында топ жарған тұңғыш қазақ қызы. 69 келіде сынға түскен қаршадай қыз жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 144 келіні оңай еңсеріп қазақ қыздарының қайсарлығын дәлеледей түсті. Оның ендігі арманы олимп шыңын бағындыру.

     Айта кетейік, ауыр атлетикадан Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс медальмен жалпы есепте үшінші орынды иемденсе, екінші орынға Солтүстік корея қол жеткізді. Ал, бірінші орынды Қытай спортшылары жеңіп алды.

Жанболат МЭЛСҰЛЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*