Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІНІҢ ЖАҢА КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

     “Еуропалық қайта құру және даму банкінің” Шымкентте тағы бір кеңсесі ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен ЕҚДБ вице-президенті Бетси Нельсон, Қазақстандағы банк өкілдігінің директоры Джанет Хэкман қатысты. Тыныстықты кеңейте түскен банк алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстандық кәсіпкерлерге несие беруді жалғастыра бермек. Ел экономикасының дамуына Инвестиция құюда. Миллиардтаған евроларды аямайтын “Еуропалық қайта құру және даму банкі” 6,5 млрд евроны әр түрлі салаға инвестицияласа, үстіміздегі жылы 700 млн еуроны инвестициялауды көздеп отыр. Банк 2005 жылдан бері құны 1 млн еуродан асатын 180 жобаны қаржыландырған.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*