Басты » Редакция таңдауы » ШІРКЕЙГЕ ТАЛАНҒАН ХАЛЫҚҚА ТАҒЫ БІРАЗ УАҚЫТ ШЫДАЙ ТҰРУЛАРЫНА ТУРА КЕЛЕДІ

ШІРКЕЙГЕ ТАЛАНҒАН ХАЛЫҚҚА ТАҒЫ БІРАЗ УАҚЫТ ШЫДАЙ ТҰРУЛАРЫНА ТУРА КЕЛЕДІ

     Шіркейге таланған Отырар, Арыс, Шардара аудандарының тұрғындарына тағы біраз уақыт шыдай тұруларына тура келеді. Себебі, билік халықты қаптаған қансорғыштардан құтқаруға асығар емес. Жайлаған қанатты жәндіктерден ауылдағы ағайынға келіп жатқан зияны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Зардап шеккендер аудандық әкімдікке 4 жылдан бері шағымданып келген. Нәтиже болмаған соң, олар облыстық Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне де арызданыпты. Осы мәселе бойынша аталған мекемеге жазбаша түрде телеарна атынан сауалнама жолдаған едік. Осыған байланысты департамент мамандары БАҚ құралдарының басын қосып, баспасөз жиынын өткізді.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*