Басты » Редакция таңдауы » 5 АЙДА 3 САУДА ОРНЫ ОТҚА ОРАНДЫ

5 АЙДА 3 САУДА ОРНЫ ОТҚА ОРАНДЫ

     Шымкент қаласының әкімі қалада базарларындағы өрт қауіпсіздігін қатаң қадағалауды тапсырды. Өйткені, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік тіркелу немесе қайта тіркелу уақыты 3 жылдан аспаса, аталған объектілерге тексеру жүргізілмейді. Іс жүзінде мұндай жағдай тексеру графигіне енгізілген жоғары топтағы сауда орындарының тексерілмеуіне алып келеді. Сол себептіде, қала әкімі кәсіпкерлердің басын қосып, өрттің алдын алу жайын нықтады.
Айта кететін жайт, сауда орындарының жетекшілері барлық өрт қауіпсіздігі талаптарын орындағандарына қарамастан, барлық сауда орындарында қазіргі таңда қайта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Осының әсерінен жаңадан салынған сауда нүктелерінің саны нормадан асып жатады және базарларда үлкен көлемде сауда-материалдық заттар жинақталып, өту жолдарына кедергі жасайды.Сонымен қатар өртке қарсы арақашықтық та сақталмай жатады. Өртке қарсы нормалардың талаптарында сауда қоймаларына және сатуға арналған бөлмелердің арасында міндетті түрде өртке қарсы қабырға болуы тиіс. Соның арқасында өрт туындағанда бір бөлмеден екінші бөлмеге өрттің таралуы мүмкін болмай қалады. Алайда, сауда-саттық жүргізіліп жатқан базарлардың ешқайсысында өртке қарсы қабырға қарастырылмаған. Жақында ғана өртке оранған «Исатай», «Оптовик» базарларындағы мүшкіл жағдайды осының дәлелі — дейді жиналғандар. Статистикалық мәліметтер бойынша 2012 жылы сауда орындарында 4 өрт оқиғасы, 2013 жылы 5, 2014 жылы 7, ал 2015 жылы 4 өрт оқиғасы тіркелген. Ал 2016 жылдың 5 айының өзінде 3 өрт оқиғасы тіркелді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*