Басты » Мәдениет » ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ ӨЗІН МАСҚАРАЛАҒАН ЖУРНАЛИСТКЕ ӨЛЕҢМЕН ЖАУАП БЕРДІ

ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ ӨЗІН МАСҚАРАЛАҒАН ЖУРНАЛИСТКЕ ӨЛЕҢМЕН ЖАУАП БЕРДІ

chWjRH1NjHs

Әнші, айтыскер ақын Төреғали Төрәлі өзін масқаралаған журналситке өлеңмен жауап берді. Ол өзінің бұл ойын Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады.

Журналист қыз, жөніңді біл…
Бос сөзбен былғамайық көңілді бұл,
Бір сәтте өте шығар өмір-дүбір.
Өз қолым, өз тұрысым, өз ұятым,
Журналист қарындасым, жөніңді біл!

Сен емес көңілімді күйрететін,
Сыйластық өз-өзіңді сыйлы ететін.
Үйретпе, үйренбеген дүниемді,
Əкем мен анашым бар үйрететін.

Алдымен ақылменен өлше тілді,
Ел-жұртқа көксегенің көрсетілді.
“Қолыма” тиіскенге қарағанда,
Қолыңнан келетіні сол секілді!?
Сенсация жасағаның барға мəлім,
Ол сенің – жалған кейпің, жалған арың.
Қарындас, қой ондайды,саған айтам,
Тыңдасын шу шығарған арналарың!
Бəрібір бұл ісіңнен түк таппадың,
Ал қолға өз-өзіңді мықтап, ханым.
Себеп жоқ жар салардай жұртқа жайып,
Керек жоқ су татитын сұхбаттарың!

Мейлі, бұл Төреғали жынды болсын,
Тек елге көрсетіңдер нұрлы жол шын.
Қолыма тиіскенше үйреніңдер,
Сендерге “Ұлттық арна” үлгі болсын!

Жарайды,несіне сөз шығындаймын,
Əдепсіз арналарға ұрынбаймын.
Қолымнан микрофон түскенінше,
Жолымнан Алла берген жығылмаймын!!

ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕƏЛІ

 

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*