Басты » Редакция таңдауы » МАҚТАРАЛДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

МАҚТАРАЛДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

     Мақтаралда жасөспірімнің бұзақылығы үлкен дауға ұласа жаздады. Осы жылдың 27 шілдесінде Сәкен Сейфулин ауылының 15 жастағы тұрғыны 7 жастағы бүлдіршінге азғындық әрекет жасаған. Осы оқиғаны естіген жергілікті тұрғындар шу көтеріп, салдарынан дүкен терезелері сынған. Сондай-ақ, үш тұрғын дене жарақатын алды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуүшін 170 полиция қызметкері жұмылдырылды. Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіміне тіркеліп, күдікті қазір ата-анасының жауапкершілігіне берілген. Ал, жәбірленушіге туыстарының қатысуымен медициналық тексеріс жүргізілген. Дәрігерлер 7 жастағы қыздың денесінен зорлық белгілерін таппаған. Жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу үшін облыс әкімінің орынбасары, облыс прокурорының және ішкі істер департаментінің орынбасары Сәкен Сейфулин ауылының халқымен кездесу өткізді. Сонымен қатар, бір топ азаматтың бұзақылық іс-әрекетін тергеу бойынша, Мақтарал АІІБ криминалистерімен және тергеушілерімен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі жағдай тұрақты.

НұрсұлтанТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*