Басты » Редакция таңдауы » ТӨЛЕБИ АУДАНЫН БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ БАСҚАРАТЫН БОЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫН БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ БАСҚАРАТЫН БОЛДЫ

     13882635_1031977063585299_3982951833958613892_nҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және Төлеби аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Төлеби ауданының әкімі лауазымына Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы тағайындалды.
     Б.Р.Парманов 1962 жылы туылған, білімі жоғары, экономист, құқықтану бакалавры.
     Еңбек жолын 1980 жылы Қазығұрт ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті лауазымында кірген. 1987-1994 жылдары Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, аға салық ревизоры-инспекторы, бас салық ревизоры-инспекторы, Ленин ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының мемлекеттік салық инспекторы, аға мемлекеттік салық инспекторы, инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы болған. 1994-2002 жылдары аралығында салық және қаржы полициясы органдарында қызмет еткен. 2002-2014 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы бойынша салық комитетінің төрағасының орынбасары және төрағасы, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*