Басты » Медицина » БІЛІКТІ ДӘРІГЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАЙША АШЫЛДЫ

БІЛІКТІ ДӘРІГЕРГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАЙША АШЫЛДЫ

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған». Бар ғұмырын балтыры сыздап, басы ауырғандарды емдеуге арнаған Тілеуес Батырхановқа өзі 30 жылға жуық қызмет еткен аурухана қабырғасынан ескерткіш тақтайша ашылды.
Ақ халатты абзал жанға арналған еске алу тақтайшасының ашылу рәсіміне тума-туыстарымен қатар, достары, қызметтестері, жалпы, алтын қолды дәрігерді танитын игі жақсылар түгел жиналды. 2006 жылы дүиеден өткен Тілеулес Батырханов артында өшпестей із қалдырған. Адал еңбегінің арқасында «Алтын дәрігер», «Қазақстан Республикасының денсулық сақтау ісінің үздігі» секілді атақтарға қол жеткізген. Ендігі кезекте ескерткіш тақтайша оның еңбегінен сыр шертіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.

Дәурен Дүйсебаев
ТВК

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*