Басты » Редакция таңдауы » АШЫНҒАН ХАЛЫҚ ЖОЛДЫ ЖАУЫП ТАСТАДЫ

АШЫНҒАН ХАЛЫҚ ЖОЛДЫ ЖАУЫП ТАСТАДЫ

Қайтпастықтар өз наразылықтарын білдіріп, Байдібек би көшесін жауып тастады. Әмірбеков көшесінің тұрғындары қыс ауасында көгілдір отыннан қағылып отырғандықтарын айтады. Көптен бері қыстан қысылып қымтырылып ашынған халық, қалалық әкімдікке дейін барып өзекті мәселенің басын ашты.

     Қақаған суық көгілдір отынның қысымы төмендегені Қайтпас-1 елдімекенінің мазасын қашыруда. Себебі, 50-60 үйге шақталып орнатылған ШРП-ге қазіргі таңда 100 жуық отбасы қосылған. Салдарынан бір көше бойындағы үйлерде газ сығырайып тұр. Тіпті, кейбірінде мүлдем жоқ, сондықтан газ балон қолдануға мәжбүр.

     Тұрғындардың сөзінше жағдайды ушықтырып отырған Қазбеков ЖК. Осы мәселені алға тартып тиісті мекемелерге барған да мұндағылар. Алайда, біздің базынамызды құлаққа асып жатқан ешкім жоқ дейді көпшілік. Олардың сөзінше даулы мәселені шешу үшін қосымша тағы шкафтық регуляторлық пункт орнату керек. Ал, бұл үшін халық қалтасын қағуына тура келеді. Алғашқы ШРП үшін шығындалғандар, екінші рет қаржы шығармаймыз деп отыр.

     Ашуға булыққан жиналғандар қаладағы ірі көшелердің бірін жауып та тастады. Жауаптылар мәселені бейбіт шешіп бермесе, ел болып ереуілге шығамыз деп отыр қайтпастықтар. Күрмеуленген мәселенің жауабын іздеп олар тағы қалалық әкімдікке бас сұқты.

     Сәкен ИСМАЙЛОВ,

     «КазТрансГаз» АҚ ОҚО филиалының бас иншенері

  • – Ия, ондағы орнатылған ШРП мен құбырлар 50 үйге шақталған. Ал, онда тұтынушылардың саны көбейген. Олардың қатарын көбейтпей қадағалау біздің құзіретімізде емес. Оны бір ретке келтіру үшін арнайы келісім-шарт құру керек.

     Өзара бір келісімге келген қос тарап тағы бір жетіні күтпек. Бір апта көлемінде түйіткілді мәселенің шешімі табылмаса. Қайтпастықтар қайта бас көтереміз деп отыр.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*